Өмір, мен тағы да сенікімін – Зульфия Исраилова Аударма: Гүлнұр Мұратхан

Бұл бетте «Өмір, мен тағы да сенікімін» атты Зульфия Исраилова Аударма: Гүлнұр Мұратхан жазған өмір туралы өлең берілген.

Не істей алсам, дамылсыз ой, тынар ең?
Ойланумен өтіп жатыр түн әрең..
Терезеде қимылсыз ай сәулесі
ұйқымды кеп қашырады.
Күнәлі ем..

Сюза ілінген қабырғада бес ай бар.
Осы түннен таба алмаймын еш айғақ!..
Дос жүзінде үнсіздіктің мөрі бар,
Тыныштықтың айтшы, досым несі айбат?

Көк әйнектен таң көрінді. Қош, Мұңлық!
Жанға мұңды бекер, бекер дос қылдық
Түнгі аспанның жұлдыздан көп күнәсі,
Күн әлем де шуылы көп бос құрлық.

Бақты құштым, мұңды құштым ол құшқан.
Қолдарымды ұнатамын ол қысқан..!
Мен тағы да бақытты боп оянам,
аттай алмай жылдар құрған болмыстан..
Өмір, мен тағы да сенікімін..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар