Мен аңсаған ол көктем алыстады
- 0
- 0
Мен аңсаған ол көктем алыстады,
Тағдыр солай таңдарға табыстады.
Айдың көріп суретін су бетінен,
Арманыма қол создым ғарыштағы.
Бұл бетте «Менің сұлу сезімім сетер еді» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен аңсаған ол көктем алыстады,
Тағдыр солай таңдарға табыстады.
Айдың көріп суретін су бетінен,
Арманыма қол создым ғарыштағы.
Ешбір ісім болмаған нала-мұңмен,
Нелер есте сақталды бала күннен.
Ақ әжемнің құшағын сағындырар,
Қайран көктем, гүл жайнап, дала күлген.
Сағыныштың сал әнін салып өткен,
Түнектерін көңілдің жарық еткен.
Мұң торлаған жанымның терезесін,
Сенің жасын жүрегің жарық өткен.
Хабарлама
INFO
Гүлманат Әуелханның «Менің сұлу сезімім сетер еді» өлеңі шынайы әрі жүрекке жақын шыққан. Өлеңде лирикалық кейіпкердің сезімі, махаббат пен арман әдемі поэтикалық тілмен жеткізілген. Бұл шығармадан қазақ поэзиясындағы сезімталдық пен жүрек лирикасын терең сезінуге болады. Қазақ әдебиеті мен махаббат поэзиясына қызығатын оқырмандар үшін өлең ерекше әсер қалдырады.