Ағалар ай
Бұл бетте «Ағалар ай» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дарытқан дарқандығын даладан ай,
Құяды ақылдарың санама арай.
Қайғырсам қабағыма қарап тұрар,
Аман бол ақниетті ағалар ай.
Өмірдің базарында тарқамаған,
Жүгіріп күні түні шаршамаған.
Нартұлға ағалар ай айналайын,
Қайыспай елдің жүгін арқалаған.
Жолдардың басып өтіп бұралаңын,
Құлама құздарданда құламадың.
Рухың ұлы таудай биік екен,
Тағдырдың елемедің сынағанын.
Ақылман ағаларым асылдарым,
Сендермен арқаланып тасынғамын.
Қайраты тау қопарар арландар ай,
Жанының өшірмеген жасындарын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі