Шапағымды батысқа алып кетті күн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шапағымды батысқа алып кетті күн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 899
Шапағымды батысқа алып кетті күн,
Шуақ шашар нұрым жоқ қой, көп – мінім.
Топырақ боп жерде жатсам бүр гүлге,
Тиер ме еді тым құрмаса септігім?
Батар күннің қызылына құнығам,
Арай-шапақ, көңілімнің мұңын ал.
Кемпірқосақ өтейінші үстіңнен,
Басқа әлемге күні – керім, түні – бал.
Қоңыз теріп жүргенімнен сол артық,
Қарама аспан, көздеріңді алартып.
Батар күннің қызылына айналам,
Мен де бір күн болмысымды жаңартып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері