Көкейден кетпей жүрген, көгілдірім – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Көкейден кетпей жүрген, көгілдірім» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 914
Көкейден кетпей жүрген, көгілдірім,
Көзіме елестейді
Өрім күнің.
Сәл ғана жанарыңды ніл шалғандай...
Екеулеп көтерейік көңіл кірін.
Жаныңда ашылмаған сыр қалғандай,
Мөлдіреп тұрасың ғой – тұнған балдай.
Өзіңсің, сәулім шырақ, жаны таза,
Көрікті,
Зипа бойлы тұлғаң қандай?
Жұпарға сенен ескен малынамын,
Еріксіз ойдан-ойға сабыламын.
Қандай бұл кереметің –
Түсінбеймін,
Десем де сағынбайын...
Сағынамын.
Жанатын тас-түнекте шырағданым,
Бәрі де қолында ғой бір Алланың.
... Сен маған қандай оймен қарайтының,
Білмеймін, белгісіз-ау бірақ, жаным ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері