Күн кешеміз: көңіл күпті, дызығып – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Күн кешеміз: көңіл күпті, дызығып» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Күн кешеміз: көңіл күпті, дызығып,
Әжептарқы күлкілерге қызығып.
Кереленіп, кердеңдейді кейбіреу,
Баққа оранып, түсінбейтін біз ұғып.
Пақырана пенделер ғой, пенделер,
Құдай бәлкім тозағыңда теңгерер.
Шамдалдардың самаласы шашылған,
Ақпейілдер алла үйіне жерленер.
Хауыздарда зәм-зәм суы сылдырар,
Басылар-ау хорды көріп бір құмар.
Зұбаржаттан алқа таққан күлім көз,
Кәнизактар бәйіт айтып, жыр ғылар ...
Махалланың көшесінде бұзылып,
Қарамаспыз болмас затқа қызығып.
Кердеңдей бер кереленіп, кейбіреу,
Ғұмыр кешем түсінбейтін Сіз ұғып ...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері