Өлең, жыр, ақындар

Шыңырауда өсетін

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 535
Шыңырауда өсетін
шұғынығым,
Жүрегімнің «сен» деген сырын ұғын.
Мұқап мені жатса да бейопа күн,
Сезейінші
жаныңның
жылылығын.
Керегі жоқ
көңілің ылғалданған,
Бақытты боп өтейік
бұл жалғаннан.
Сарайыңды ашайын жарқыратып,
Жаманы жоқ,
кеудеде мұң қалғаннан.
Қарашығың жәудірер – жан сарайың,
Ындынымның,
өзіңсің – аңсары, Айым.
«Шұғынығым шыңда өсер – Ақзерім» деп,
Шың басына шығып ап
жар салайын.
Сезімімді қайтейін
ала қашқан,
Сырым осы
жасырмай саған ашқан.
... Аңылжыған дүние
алжастырды,
Көрінеді СЕН болып
маған АСПАН.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп

  • 0
  • 0

Кетті өмірім сұрықсыз күреңденіп,
... Кенеуі жоқ тірлікке ірең беріп.
Мұқағалиды ауыртқан сол бір келіншек,
Меніменен бүгінде жүр емделіп.

Толық

Қалың ойдың

  • 0
  • 0

Қалың ойдың
Жатырмын далдасында,
Жабығу мен торығу
Жамбасымда.

Толық

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық

  • 0
  • 0

Қоңыр дөң, қойнауыңда қоңыр лашық,
Маңдайын жел ұрады – о, бір ғашық.
Миқиған қарамайды керегеге,
Шалжияр дөң үстінде өңірді ашып.

Толық

Қарап көріңіз