Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем –
Әділбек Ыбырайымұлы
Бұл бетте «Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнде – өлімен, күндіз тірі пенделермен тілдесем,
Бірде – тірі, бірде – өлікпін. Екі жақты күн кешем.
Мұхаммедтің сұлбасына тәуеп етем түнде ылғи,
Ал, оянсам – қыбарғада тұрар қаңсып Күн көсем.
Төсегімнен бас көтерем – бейнеттерге жегілем,
Азаптанам, өлмей қалам – ит жандымын тегі мен.
Кешкі іңірде құлай кетем титықтап кеп іргеге,
Сол заматта-ақ шыға берем тіршіліктің шегінен.
Отырамын өлілердің ортасында баяғы,
Еш ойланбай мені де олар аруаққа саяды.
Шай ішеміз арқа-жарқа әңгімені ағытып,
Тұт ағашы тербеледі көлеңкелі, саялы...
Түнде: өлімін – Аруақпын, күндіз тірі – пендемін,
Жетіп жатыр бас қатырып санай берсең менде мін.
Сүрепетім – обырлардың, қомағайдың ыпыны,
Алсам деймін, жисам деймін дүниенің ең көбін.
Қу тірліктің дәргейінде тағдырымның тізгіні,
Ғұмыр дейміз, өмір дейміз тайынбастан біз мұны.
Аңғарлы адам аруаққа айналғанды аңсайды,
Сол бір жақта кездестірер жарықта жоқ ізгіні.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі