Бұл бетте «Қалмады мүлде тамтығым» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалмады мүлде тамтығым,
Дал-дұлы шықты арманның.
Қолымнан түсті алтыным,
Дәртесі сынып арбамның.
Жете алмай барам, қарлы шың,
Дәрменім құрып, үздігіп.
Не деген қатты қарғысың?
Тұрғызса жарар бізді үміт.
Жетімек лақ сенделген,
Көп көріп өмір ызғарын.
Өзің ең талай жем берген,
Қойныңды ашшы, құздарым.
Сүлдерім құрып тырбанам,
Басыңа жетіп өлем мен.
Ақ ұлпа қарың –
Нұрланам –
Арылмай жатса денемнен.
Керек жоқ лас қара айғыз,
Пәктікке ғана көмілем.
Қойныңды ашшы, сарай-құз,
Періште едім тегі мен.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі