Кеспіріңді кескіндеген тым қатал

Бұл бетте «Кеспіріңді кескіндеген тым қатал» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Кеспіріңді кескіндеген тым қатал,
Өседі ме аңызақты құмда тал?
Сексеуілдей қасіретті бейнесің,
Бір күлгенің, мұңлық анам, қымбат ал.
Жаулығыңнан самай шашың үрпиген,
Шықпаушы еді бір кездері жұрт үйден.
Тұзын шашып ойнап жүрді сорыңның,
Қу тағдырың қабақ-қасы кіртиген.
Аңылжыған аспан асты, апшыған,
Көз жазуда мамырстан жақсыдан.
Бірін – жерге, бірін – торға қаматып,
Олшидың да қала бердің топшыдан.
Қатер, кесел ашты аяусыз аранын,
Жоқтығынан мәңгүрт болдық шараның.
Қанжығасыз жол жүрмейді жылқышы,
Жасаурайды амалсыздан жанарым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеспіріңді кескіндеген тым қатал өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Кеспіріңді кескіндеген тым қатал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеспіріңді кескіндеген тым қатал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеспіріңді кескіндеген тым қатал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері