Бұл бетте «Шырықты алып, салды тағдыр сәңкіні» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырықты алып, салды тағдыр сәңкіні,
Тиді маған сезіміңнің салқыны.
Дәме етті де менің шыбын жанымнан,
Ісіп қалды ажалыңның алқымы.
Қашып келем иманымды қамшылап,
Маңдайымнан шашты аямай таң «шуақ».
Қансыратып жүрегімді әбілет,
Көтереді найзасына шаншып ап.
Жүгіремін беталбатты дедектеп,
Қуалайды түз далаға жел-өкпек.
Жәбірейіл жанымды алса нетемін?
Албастыдай тұтқиылдан кенет кеп.
Басым – добы Алла деген жазғанның,
Сенделемін, жындануға аз қалдым.
Талғамым да жоғалғандай тозып тым,
Қос жанарым былшықтанып, баздандың.
Дәнеңені көре алмаймын дәйекті,
Қу тірлікке қулар бар ғой әй, епті.
Алашапқын адамдары, сақтай гөр ...
Мәні қашты сөздерімнің мәйекті.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі