Шымыр, шымыр – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шымыр, шымыр» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1405
Шымыр, шымыр ...
Миы шыққан батпақтың сыртқы беті.
Ғұмыр – қыңыр.
Дал-дұл етіп ақ жүзін жыртты. Көкі ...
Айдап салам,
Айды да алыс уағымда ат арқандар,
Сырыл, сырыл ...
Ақтық демі байқұстың. Құртты, жекі!
Жанға балап,
Алтын басты, айдарлы жаңылыппын,
Қайда қанат?
Өмір – осы, аптап кіл, шағыл – ұқтым.
Қармап қалсам,
Күннің нұрын бір үзім талғажау ғып,
Аймалап-ақ,
Алтын шапақ, мен сені сағыныппын.
Томағам бар ...
Жанарым сау, жап-жақсы көре де алам,
Домалаңдар,
Көзімнен жас, көңілім төреге алаң.
Күмбірлеген
Көкіректен көшеді дүбірлі әлем,
Зобалаңдар ...
Бақыттырақ «соқырдан» «керең» адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері