Ғасыр да тозған, мұқалған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Ғасыр да тозған, мұқалған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Ғасыр да тозған, мұқалған,
Сана да сары, сүрленген.
Жанжалдың оты тұтанған,
Су шашсам ба екен кірленмен?
Пейілі бұзық қоғамның,
Шамасы келсе жейді анық.
Үйімнен шықпай тоналдым,
Сайранды салды кей халық.
Ғасырдың соңы алжыған,
... Талай бас жүр ғой сөлкектеп.
Майланбай қалды қанжығаң,
Тынарсың бір күн көлкектеп ...
Жалғаннан мынау мән қашқан,
Заманның көрдім ақырын.
... Қағанақ қаны тамбастан,
Тіліңдер қоғам жатырын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері