Аңызақ жел

Бұл бетте «Аңызақ жел» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 2120
Аңызақ жел.
Сүрлеу жол.
Құба белдер,
Шағыл құмнан кездеспес тұма, көлдер.
Ұшқан құстың қанаты күйіп қалып,
Шөлге ұрынып мерт болған Құлагерлер.
Сол соқпақпен келемін елім-телім,
Ән саламын: даламды егілтемін.
Мезі қылса сүреңсіз қу мекиен,
Желпіп алам жыр оқып көңіл көгін.
Бұл сапарда қалайша сынсын сағым,
Жасқанбаймын, еш жерде қымсынбадым.
Кеберзіген сәттерде ернім кеуіп,
Ілиястың жырымен сусындадым.
Дала жатты шөліркеп, тымырсық тым,
Ыстық дауыл – түтейді қиыршық құм.
Ілбіп келем, аптаптан – бас айналды,
Көз алдыма елестеп түйіршік мың.
Арман-үміт сәулесін өшірмеді,
Аяусыз-ақ пәңгітті кесір мені.
... Абыз Абай бастаған ұлы жолда,
Баяу ғана жылжиды көш ілгері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңызақ жел өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Аңызақ жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңызақ жел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңызақ жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері