Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1062
Жабыңқылау жаңбыр жауған сүркей түн,
Қара бұлты ақ сәулені бүркейтін.
Ми шағатын шарқая үнді найзағай,
Жаңбырдан соң қаптап кетті шіркей тым.
Қаңырығы түтеген бе, шақты кеп,
Балам үйде шыдамады, шапты кеп.
Далаң үйде тарсыл-дүрсіл молайды,
Дамыл таппай қос қапталын қақты үлек.
Хикметті көрдік мықтап шіркейден,
Түн баласы мәуітісін бүркейді ел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері