Тор биеден туды құлын қасқа боп

Бұл бетте «Тор биеден туды құлын қасқа боп» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 599
Тор биеден туды құлын қасқа боп,
Ойнақтады, көңіліме тастады от.
Тым ұзамай желіге әкеп байлады,
Шыңғырады – тым жабайы – жасқап ек.
Тай болғанда бұғау салып, ерттедік,
Қиқар екен – тулады кеп, «өрт» дедік.
Тай жарыста алдыменен келді озып,
Ал біз болсақ, домбыра да шертпедік.
Құнан шықты: белді аттарға дес бермес,
Қапы қалып көрген емес көкперде еш.
Біздер өстік, тоқтықтан ба, кім білсін?
Бос белбеулеу, ештеңені ескермес.
Қасқа дөнен елге атағы жайылған,
Бәйгені алып келесің сен тайыңнан.
Мен баяғы сол қалпымын, сол қалпы,
Сүйрете алмас құрықты да қайыңнан.
Бесті ат бүгін бет қаратпас шапқанда,
Шаңын қапты сан дүлдүлің қапталда.
Ал мына біз отызды да орадық,
Осалдаумыз, босаңдаумыз аттан да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тор биеден туды құлын қасқа боп өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тор биеден туды құлын қасқа боп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тор биеден туды құлын қасқа боп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тор биеден туды құлын қасқа боп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері