Адалдық па? – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Адалдық па?» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған адамгершілік туралы өлең берілген.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 749
Адалдық па?..
Бәрі де сөзде ғана,
Қошаметтің барлығы көзге ғана.
Сен сырт кетсең орныңда басын изеп,
Мақтау естіп тұрады өзге бала.
Аяр неткен?..
Жанымды тілгіледі,
Жақсылықтың нышаны тынды, легі.
Сезімтал ғып, құдай-ай, жүрегімді,
Жаратыпсың егіз ғып мұңды, мені.
Ісін істеп жүрміз-ау әңгүдіктің,
Оты сөнген ертеде-ақ мәнді үміттің.
Күннен күнге барады ұрпақ азып,
Қалар дейсің жалғанда мәңгілік кім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері