Сымпитып мені шығарды ламбард тағы

Бұл бетте «Сымпитып мені шығарды ламбард тағы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1063
Сымпитып мені шығарды ламбард тағы,
Жолымды кесті сығандар бұраңдап тағы:
«Сатпайсың ба алтын?»
Қояды бір ғана сауал,
Сылаңдап сығыр сумақай сыр аңдатпады.
Қайқаңдап қалған әйелдер қысыр жыландай,
Салдақы қарлар бағаны «ұшырды» қандай.
Батпаған шағар ешқашан «Мың бір түндегі»,
Айуандық пенен былыққа Мысыр мынандай.
Қалтарыс жоқ қой сайқалдар сағаламаған,
Аңқаулар менен аңғалды табала надан.
Қолында барда алтынын – қыжалат көрген,
Арзанға берген, қымбатқа бағаламаған.
... Сымпитты мені ламбард қақшып ап бәрін,
Төккендей маған тәңірім жақсылап кәрін.
Ақша ғой жаппай аздырған –
Қоғамды қораш,
Ақ шуақтарым, шашылшы, ақ шуақтарым.
Жүзік те кетті сыйлаған қалыңдық маған,
Нарығың – бетсіз!
Бейшара халіңді ұқпаған.
Алаяқ болсаң – күн кештің.
Қарамдау пиғыл,
Шайтандық жеңіп, қулыққа салындық жаман.
... Шырылдап тұрар тынбай бір зар құсы көктен,
Кеудемді кесел келеді жарғысы көптен.
... Сидиған саусақ – тым жұтаң,
Қарашы, әне!
Әдемі қандай ана иттің қарғысы неткен ...
Байламсыз жалған жалтарды, сыр аңдатпады,
Жолықты жолай біреуі бұраңдап тағы,
Көзімнің жасы: Көсемге – көгеннің басы,
Алтынның бәрі менікі ламбардтағы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сымпитып мені шығарды ламбард тағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері