Өлең, жыр, ақындар

Ғашықтар

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2320
Жас қойшы жөнейді айдап күнде қойын,
Ешкімге сырын ашып айтпайды ойын.
Аулына белден аса бір қарайды,
Содан соң әннен аузы құрғамайды.
Жеткен соң шөбі соны жайылымға
Болмайды жерден қойды айыруға.
Ақбозын қоя берсе шідерлеген,
Мынадай құйылып бір үдейді өлең:
«Қарғам - ау, сен қандайсың мен дегенде,
Қалмайды менде сабыр сен дегенде.
Жүремін жоғалтқандай жұлдызымды,
Бір мезгіл ай жүзіңді көрмегенде.
Қарғам - ау, сен қандайсың мен дегенде,
Менде жоқ ұшар қанат сен дегенде.
Мен қалай өмір сүріп жүре алар ем,
Жарқ етіп жалғанға сен келмегенде.
Қарғам - ау, сен қандайсың мен дегенде,
Қалмайды менде тағат сен дегенде.
Ұмтылған арманыма жетпей қалсам
Етегім толар еді еңірегенде».
Деп қойшы мұңын шертіп қойда жүрсе,
Аңсаған ғашық қызың ойда жүрсе,
Басылмай ауылда да қыз алаңы,
Бозарып, кейде жүзі қызарады.
Көлеңке күн еңкейе ұзарады,
Сол кезде күшейеді қыз алаңы.
Сар белден жалт еткенде ақ боз атты,
Жүрегі жар - еркенің соғар қатты.
Аңғартпай бөгде көзге қасындағы,
Бұлғаса орамалын басындағы.
Жігіттің сезіле қап байқағаны,
Шырқап бір жан жауабын қайтарады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дәужан ойлары

  • 0
  • 0

− Біздің Жәмен пысық қой,
Біздің Жәмен шебер - ау,
Жамағаны жаңадай,
Мұнысы да өнер - ау!

Толық

Темірші әні

  • 0
  • 0

Қазанда сарқ-сұрқ қайнайды темір,
Жалаңаш қолмен көсейміз отты.
Темірден қуат алады өмір
Қорлайды жаулар қуаты жоқты.

Толық

Грузия

  • 0
  • 1

Ұлыңдай жас грузин жайнаң қағып,
Алабын Эльбрус тұр түгел бағып.
Құрбысы Казбек те көтеріңкі
Тоқтаған ащы жасы жатқан ағып.

Толық

Қарап көріңіз