Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен

Бұл бетте «Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1527
Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен,
Содан соң жолдап отырмын сәлем өлеңмен.
Қайтейін қалқам, шерменде қылмай келсеңші,
Дәм-тұзым біткен, ақырғы демім – өлем мен.
Аяғым суып, жылуым қайтқан денемнен.
Көзімнен аққан жылбысқы жасты жұтамын,
Жанымда жоқсың, жабығып қатты жұтадым.
Асылдан қалған бір тұяқ едім, амал не?
Үзбекші тағдыр еменнің жалғыз бұтағын.
Бір келіп кетші,
Сезейін сезім жұпарын.
Мойылдай қара көздерің кетпес жадымнан,
Алдыңда сенің жарылдым талай ағымнан.
Сағынған жоқ та шығарсың бәлки сен мені,
Еріксіз, қалқам, үніңді керім сағынғам.
Артық та болдың кеудемде шыбын жанымнан.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзіңді іздеп таппадым мына әлемнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері