Періштесің жүрекке сыр тұндырған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Періштесің жүрекке сыр тұндырған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 914
Періштесің жүрекке сыр тұндырған,
Асқан бақыт табылмас шіркін, бұдан.
Ғашық еттің мәңгілік жанарыңа,
Ішімде – күй, шалқыған сыртымда да – ән.
Көгершінім, кеудемде қанат қақтың,
Ұя салдың, жанымнан тағат таптың.
Сен мұңайсаң, қаламын мен күрсініп,
Қимылыңды қалт еткен санап бақтым.
Қарай берем көзіңе мөлдіреген,
Сағымдай ғой желегің желбіреген.
Көңіл – елік, кетеді желдей есіп,
Жазылмаған, қалқам-ау, сен – бір өлең.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері