Көңілім де, көше де ала-көбең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 861
Көңілім де, көше де ала-көбең,
Жапа-жалғыз қалдым-ау қалада мен.
Қош айтысып, аттанып кете бардың,
«Дір-дір етіп, уыздай бала денең».
Жапа шектім, күй кештім әрі-сәрі,
«Мына тағдыр тым неге қарысады?
«Қош» деп кеткен шынымен бақытым ба?
Енді қашан қос жүрек табысады?»
Қарау ойлар ...
Үмітім қидаланған.
Еріп барам бұзаудай бұйдаланған.
... Мембрана – сезімдер дыңылдайды,
Жүрегімнің үстінде миналанған.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім де, көше де ала-көбең өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Көңілім де, көше де ала-көбең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көңілім де, көше де ала-көбең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім де, көше де ала-көбең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері