Өлең, жыр, ақындар

Нысана

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1158
Қызыққа толы сәнді өңір,
Сағына соны аңсадым.
Жайлауын іздеп сал-көңіл,
Есіме түсті бал шағым.
Ақкекіл атты жабулап,
Жүруші ем жайлау төрінде.
Аңыз ғып жатыр ауыл жақ,
Сөз етіп күміс ерін де.
Кермеден шешіп шылбырын,
Торының тағып тұмарын.
Іңірдің естіп сыбдырын,
Тұрушы ем қанбай құмарым.
Сол бір кез керім сән екен,
Маңдайын сипап екі інім.
«Нысана» дейтін жан әкем,
Күмістей әппақ кекілін.
Дақпырты тарап күллі елге,
«Ақкекіл торы» атанған.
Дүлдүлге ырғып мінгенде,
Арылар көңіл қапаңнан.
Таң асып жүрсе бабында,
Кеудені жалын қыса ма?
Көсіліп шабар шағында,
Жебейді бәлкім нысана.
Жылдар да жүйрік, шалдықпас,
Есейіп жеттім мен енді.
Шашасына анық шаң жұқпас,
Қамшылап қиял-дөненді.
Балалық қалды жырақта,
Көңілде тұр тек сыры айқын.
Ақкекіл ат жоқ бірақ та,
Бәйгіде бақты сынайтын.
Болса да кезім қиналған,
Жадамас жүрек, жан арып.
Мен қазір отау үй болғам,
Әзірше осы жаңалық.
Қолыма қонды көгершін,
Пәктігі сынды арымның.
Тәңірім неткен шеберсің,
Кекілі әппақ жарымның.
Қуандым, жаным, ішімнен,
Енді шын бағым ашылар.
Үйге ендің ұяң пішінмен,
Көзіңде бақыт жасы бар.
Сөйледі толқып анам да:
– Нысана – ырыс, ылайым ...
Алаулап жүзің табанда,
Қызара түстің, жұбайым.
Жасадың сәлем именіп,
Үлкендер жағы құп алды.
Үй-іші шаттық күйге еніп,
Бастады жастар жыр-әнді.
«Нысана» болды сенгенім,
Өзіңе көңіл құмар шын.
Маңдайға біткен, сен менің –
Бармақтай бағым шығарсың.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Біздің Дала

  • 0
  • 0

Біздің Дала
Бергі жағы Сүленің,
Тастап кеткен Даңқтықтың
Сілемін.

Толық

Шахмат

  • 0
  • 1

Малағамды бұрқ-сарқ еткен түндегі,
Білді құдай,
Өсекші де білмеді.
Ферзіменен «шах» жасады патшамыз,

Толық

Жұмбақ қыз

  • 0
  • 1

Шілде кеші – шуақты, шым-шым батқан ...
Шыға келді бір ару тылсым бақтан.
Бұрымды қыз перідей. Тамсандырды,
Көз алмадым сұқтана гүл-сымбаттан.

Толық

Қарап көріңіз