Шимай-шимай жаныңды жайып салдың – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Шимай-шимай жаныңды жайып салдың» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1366
Шимай-шимай жаныңды жайып салдың,
Басты еңсеңді, дертіңнен айықсаң – мұң.
... Долданады көк теңіз, қайық кетті,
Болса керек өзінде айып шалдың.
Құрақ қамыс жағада шашын жайды,
Көк аспанда байқаймын, басым қайғы.
Әлдекімге ашу бар көңіліңде,
Басылмайды мәңгілік, басылмайды.
Долданасың,
Жымидың – шамданғаның,
Сақ-сақ күліп, жыладың...
Таңқалғамын.
Кірпігіңде – кіреуке... кірбің қалың,
Жанарыңнан белгілі алданғаның.
... Таусылмайды қыз үшін жалғанда мұң.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері