Өлең, жыр, ақындар

Шым-шым батып барамын

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 768
Шым-шым батып барамын,
Шым-шым батып,
Тұншықтырды тереңге тылсым...
Бақыт.
Сенің әппақ жүрегің – көшіл жанды –
Он сегізге түсірді қылшылдатып.
Ырғаласың тәкаппар шұғынықтай,
Кеудем – кеуек,
Кетпеші мұңын ұқпай.
Жан-сарайдан жылға іздеп, жас ағады,
Күздегі бір көңілсіз жылымықтай.
Періштесің әуеде қалықтаған,
Талып барам...
Есімнен танып барам.
Қауырсындай салмағың жоқ секілді,
Сәби күлкің арбады шалықтаған.
Араласты
Үміт леп күдігіме,
Айналдырма сен мені «гідігіңе».
Көгілдірім, көзіңнен айналайын,
Сұқтанамын сұқ қадап сүдініңе.
Жүрегімді аптапқа күйгіземін,
Ашты реңін әп сәтте кигіз өңім.
Жанарыңнан нәуетек нұр емемін,
Ерінімді ерніңе сүйгіземін.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Біздің Дала

  • 0
  • 0

Біздің Дала
Бергі жағы Сүленің,
Тастап кеткен Даңқтықтың
Сілемін.

Толық

Ай

  • 0
  • 1

Мақпал түннің қойынында толған Ай,
Барар едім...
Тапсам екен жол қалай?
Мен сияқты көп ғашықтың бірі ме?

Толық

Ғасыр да тозған, мұқалған

  • 0
  • 0

Ғасыр да тозған, мұқалған,
Сана да сары, сүрленген.
Жанжалдың оты тұтанған,
Су шашсам ба екен кірленмен?

Толық