Ғарыш

Бұл бетте «Ғарыш» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 2963
Ғарыш... Ғарыш ...
Тылсым жұтқан Көк, Құдай,
Қалдырмашы қара жерде, шет бұлай.
Бақилықтың баршыны кім, баябан?!
Іл де әкетші, салмағым жоқ – тоқтыдай.
Рухтардың ортасында жебелсем,
Аруақпен аруақ боп теңелсем.
Бұ пәниден пәтуасыз, пәтшағар,
Ауып кетіп, жыламаңдар,
Мен өлсем.
Қызығы жоқ жалғаныңның аңдасам,
Ғайып болып, ғарышқа ұшып,
Самғасам.
Неге көрдім, жарық сені, жалтарғыш?
Тездеп барып тозақ отқа жанбасам ...
Күл – күнәһар маңдайында
Өлшемі,
Азаптанды ... періштемен теңшеді.
Күл дегенің таза нәрсе
Арылып,
Бәлекеттен,
Көтересің еңсені.
Ғарыш сені әкетеді ақталап,
Періштеге айналасың ақ қанат.
Бақилықтың босағасы –
Ақ зәулім,
Мәңгі сені
Әппақ етіп сақтамақ.
Ғарыш ... Ғарыш ...
Тылсым жұтқан Көк,
Құдай,
Қалдырмашы қара жерде шет бұлай ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғарыш өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Ғарыш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғарыш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғарыш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері