Космонавт

Бұл бетте «Космонавт» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 5134
Самғап ұшқан алысқа
Космонавт мен болам.
Жаны құмар ғарышқа
Ел сүйсінген ер болам.
Озып ұшқыр қиялдан,
Зымыраймын оқтай боп.
Жердің шары қияннан
Шалынады шоқтай боп.
Ғаламшарым қап артта,
Жұлдыздарға бет алам.
Зымыранмен заматта
Ең қашыққа жете алам.
Жұлдыздардың бірінде
Болар, мүмкін, тіршілік.
Тапқанша оны түбінде
Самғай берем құлшынып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Космонавт өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Космонавт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Космонавт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Космонавт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері