Өлең, жыр, ақындар

Қалың ойдың

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Қалың ойдың
Жатырмын далдасында,
Жабығу мен торығу
Жамбасымда.
Сақаймадым,
Сәт сайын мұңаямын,
Қасіретті қайғының қамбасында.
Қаламаймын
Дертімнің дендегенін,
Мен көрдім ғой кесірдің көлденеңін.
Аяулым-ау,
Таусылып жұқарамын,
Тобыр болып шықты әттең,
«Ел» дегенім.
Көз жасыңды
Ала бұлт шыра қылма,
Жырым қалды шашылып,
Жыра,
Құмда.
Шағыл барып мұңымды шағып жүрмін,
Өлсем – өлем, тұншығып,
Сірә, мұңға.
Өмір осы – дәнүкіс,
Нойыс ұқтым,
Кетіп барам
Пәниден ойысып тым.
Тілін емген жандарға қатты алданып,
Астымдағы
Атымды сойысыппын.
Аққуым жүр ұша алмай,
Сұңқылдаған,
Көрсеткім жоқ
Күйзелген қылпымды оған.
Ақырында
Жынды етіп тындыра ма,
Сен сап кеткен тұтқындап,
Құлпың маған?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы

  • 0
  • 0

Тірлік құрсын түтеген қаңырығы,
Шырға тартып аштырмай қарымымды.
Көздің жасын шыра етіп шүпілдетем,
Сағыныштан баса алмай сарығымды.

Толық

Үшінші тыныс

  • 0
  • 0

Жүрегімді шымырлатты ащы әлем,
Жамандықтан бас сауғалап қашқан ем.
Түйсіз құзға құлаш ұрып жүргенде,
Мендік бақыт бара жатты басқамен.

Толық

Өмірде көп көкбеттігі көкбеттің

  • 0
  • 1

Өмірде көп көкбеттігі көкбеттің,
Зұлымдықтар мәуе жайды, көктеп тым.
Бәрі соның ауанында, амалсыз,
Көрді дейсің қарсы тұрып, тектеп кім?

Толық