Дәния мен Сәния, қарағым-ай – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Дәния мен Сәния, қарағым-ай» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1031
Дәния мен Сәния, қарағым-ай,
Қу көңілім сендерді табады ұдай.
Сағынамын еріксіз сағынамын,
Жүрермін де мен бәлкім баяғыдай.
Сағынышты қалайша еңсеремін?
Түспесінші бір сәтке еңселерің.
Сендерсіңдер бауыры ақ қос қарлығаш,
Жоғалмасын, үмітің – ең сенерің.
Дегеніңе бұл тірлік көнсе көрім.
Қарындасым қос бірдей, шұғынығым,
Өмір-күздің баспасын шығы бүгін.
Келіпсіңдер екеуің, қос қанатым,
Жарқын-жарқын жатыр ғой шығып үнім.
Шипа болар жаныма жылылығың.
Қуаттандым, содан соң жабықпадым,
Құлан таза баяғы қалыптамын.
Қос бұлағым бітеліп, сарқылмаңдар,
Мөп-мөлдір боп жетіңдер халыққа мың.
Адалдықтың әлемге таныт мәнін.
Тасы, тасы!
Кергіле кемеріңді,
Ақпай жатып суалып, не көрінді?
Болыңдаршы бақытты, қос көгілдір,
Білмей тұрмын басқадай не дерімді?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері