Келмей қойды тірлігім ымыраға – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Келмей қойды тірлігім ымыраға» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 723
Келмей қойды тірлігім ымыраға,
Әддім қалмай қол созам құмыраға.
Тарыдай бақ бітпеген тасмаңдаймын,
Ашылмады жолым бір ғұмыры, аға.
Жансарайым сартап боп, сабыламын,
Қарап жүріп нәсіптен қағыламын.
У назамды басардай алқымдаған,
Сырахана маңынан табыламын.
Жұрын күшік секілді қаңғырамын,
Өз-өзіммен сөйлесіп, мандырадым.
Көр-жерлердің қасында көзімді ілмей,
Уайым жеп, у ішіп таңға ұрамын.
Тастай қатқан заманым жібімеді,
Ақ көңілім адамнан түңіледі.
Кімдер менің кеудеме үңіледі?
Жеп тынады бұл тағдыр түбі мені.
Қанды балақ, шұбар төс қатыгезім,
Неткен сұмдық керемет – атың, өзің?..
… Таңдайына қазақтың тамызбақ боп,
Көз жасымнан көсіп ап, қатық ездім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері