Өлең, жыр, ақындар

Сағыныш шілдесі

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 652
Жаным менің жырым-жырым,
Жақыбай,
Кешіп келем,
Көр-жеріңді тат, лай.
Бәдәуилеу күллі өмірім,
Қалғаны –
Бір сәтіме қатар жүрген татымай.
Жанарыңа кіреуке мұң байланған,
Мен де сенің аққуыңа
Айналғам.
Қапас күннің қамырығын жеп жүрсің,
Мен де жедім,
Айырылып айнамнан.
Қарашығың мөлідей тым
Нілденген,
Сұлулығың –
Сұқ қадалып, тілденген.
Тұла бойың көгілдірден аумайтын,
Басқа айдынға қонарыңды білгем мен.
Арман, арман.
Арамызда
Ақ арман,
Жас ағады жабыққанда жанардан.
Өткен күннен ештеме жоқ қашық тым,
Ойлай-ойлай шашымыз да
Ағарған.
Жаным менің жырым-жырым,
Жасыған,
Бір сорлымын бағы тайған басынан.
Түйеқарын секілденіп,
Жел қуған,
Өзім білмес әлдеқайда
Асығам ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыстауым, балдәуренім, Көлденеңім

  • 0
  • 1

Қыстауым, балдәуренім, Көлденеңім,
Зарығып, сағыныштан шөлдегемін.
Шіркін-ай бақытты кез ...
Сенен басқа,

Толық

Маң төбет еді Бөріала қораға сақ

  • 0
  • 1

Маң төбет еді Бөріала қораға сақ,
Арсалаңдап шығады бара қалсақ.
Бейшараны мінетін,
Көнетұғын,

Толық

Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің

  • 0
  • 0

Өксігіңді баса алмай кемсеңдедің,
Арманыңды күл етті ең сенгенің.
Кірпігіңді қуалап жас тамады,
Жұбатам деп мен сені белсенбедім.

Толық