Құралайдың салқыны – Құралай Омар

Бұл бетте «Құралайдың салқыны» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1807
Қиялымда жүрем енді тербетіп,
Жүрек жатыр ақ жауынын селдетіп.
Аспанның да түнеріп тұр қабағы,
Астана да суық тартты сен кетіп.

Күңгірт мекен, көңіл бордай үгіліп,
Сүріндім бе?
Сезім қалды жығылып.
Жылу таппай қаңыраған қаладан,
Амалсыздан өз-өзіме тығылып:
"Құралайдың салқыны" деп алдадым,
Сұр тұмандай бұлыңғырлау алдағым.
Өзіңсіз күн, кеш те, түн де меңіреу.
Сенің жайың қалай екен, ардағым?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері