Жанға сая таптырмады саябақ – Құралай Омар

Бұл бетте «Жанға сая таптырмады саябақ» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 974
Жанға сая таптырмады саябақ.
Мен мұңайдым, ағаш та мұң, тас та мұң.
Сiзге деген сезiмiмдей аялап,
Ерiп жатқан аппақ қарды баспадым.
Баса алмадым, жылап жатыр нәзiктер,
Күн көзiнен қорғанады –
Қорғансыз...
Менiң ақ қар көңiлiмдi жазып көр.
Сiз де маған күн сияқты болғансыз.
Қауқары жоқ қар боп мен де ерiгем,
Сiзден өзге Күн болмаған көңiлде.
Сосын...
Сосын барлығынан жерiгем...
Өкпелiмiн сiзге және өмiрге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері