Бiр күн елес – Құралай Омар

Бұл бетте «Бiр күн елес» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 872
Бiр күн елес –
Сағынышым пәнилiк,
Жанмен бiрге аттанатын жұмаққа.
Сенi ғана таниды, ұқ.
Ұмыта алман бiрақ та!
Мүмкiн емес!
Жүрегiме жоқ әмiр,
Көп iшiнен iздеп келем өзiңдi.
Маужырайды қоға гүл
Жоғалтып ап төзiмдi.
Үн
тiлемес
Ұйып қалған қиялым.
Екеумiздi алып кеттi аспанға.
Көзiмдi ашсам, ұя – мұң,
Жас тамады тастан да.
Күркiремес,
Жасыны бар жанарың,
Тұла бойды жылытады, өртемек.
Алдың жанның қамалын!
...Жүрмегенiмдi еркелеп
Күлкi демес...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері