Сағыныш – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сағыныш» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 1
  • 7030
Қиялым сен жақтарда,
Жүрегім алып-ұшып.
Отырам ел жатқанда
сені аңсап, жанып-ысып.
Қайырмасы:
Үмітпен келер деген
жолыңа қарайладым.
Тек маған сенер деп ем,
қайдасың, арай бағым?
Өткіздім тағы қысты…
көктем жоқ бұл көңілде.
Мендегі сағынышты
сезінбей жүргенің бе?
Қайырмасы.
1972


Пікірлер (1)

Қабыл

Өте керемет өлең жолдары осы әнді Нұрлан ағамыз керемет орындап елге кең таратты .

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері