Сені іздедім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сені іздедім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2134
Жанымда сен жүргенде
дүниеден табылғандай ең керегім,
шаттықтың толқынында тербелемін.
Адамдар армандайтын бақыт деген
сен бе дедім.
Қайырмасы:
Өзіңменен
жүрегім егіз менің,
төзім жеген
түндерде көз ілмедім,
жаңартау — сезімдерім,
теңіз — демім,
жанымнан сені іздедім,
жаным-ау, сені іздедім!
Жәннаттай көрінгенмен,
жайлауда сән болмайды ел қонбаса,
жардың да қызығы жоқ тең болмаса.
Өмірден бар сұлулық көшетіндей
жанымда сен болмасаң.
Қайырмасы.
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері