Өлемін – Bauyrzhan YertayUly

Бұл бетте «Өлемін» атты Bauyrzhan YertayUly жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір күні менде өлемін,
Тоқтайды қызмет денеден.
Мәңгілік жүре бермеспін,
Көмілем қара жерге мен.

Қоштасып әке анамен,
Бауырлар дос жаранмен.
Бір күні менде өлемін,
Ғайып боп мына әлемнен.

Бір күні менде өлемін,
Болмас бәрібір дегенім.
Білмеймін молам қай жерде,
Білмеймін кімнің көмерін.

Бір күні менде өлемін,
Ғажап күн туар сенемін!
Өзім өлсем дым етпес ,
Өлмесе жарар өлеңім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар