Арманымның ақ жейдесi шешiлiп – Құралай Омар

Бұл бетте «Арманымның ақ жейдесi шешiлiп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1066
Арманымның ақ жейдесi шешiлiп,
Ақ үмiттiң қолаң шашы кесiлiп
Қалғанына кiм кiнәлi?
Әлде өзiм...
Жолыққаным үшiн саған кешiгiп.
Тағдырымның берген маған сыйы осы.
Құлазыдым.
Құлатпашы, сүйешi.
Жұмағыма жеткiзген сен ғанасың,
Сен ғанасың – жүрегiмнiң иесi.
Деушi едiң ғой:
“Жанарыңнан сыр ұғам”
Сағынышым саған қарап ұлыған
Күйде жүрмiн.
Көзiмдегi алау да
Күте-күте шоққа айналып құрыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері