Абайдағы үй (қоныс тойға тілек)
Абайдағы үй
Абайдағы үй, болатын шағын ғана,
Алма, апорт, шие өскен үйді айнала.
Осы шағын жер үйде, ел білетін -
Өмір сүрді хирург Серік ата.
Кемпірі бар, ұлы бар Ерік деген,
Әрбір ота сәтті еді ол істеген.
Ерік өсіп, келін ап, көп ұзамай,
Кете барды ақсақал бұл өмірден.
Сол келіні құт болып шаңырағына,
Келді өмірге екі ұл, бір қыз бала.
Ұлдар өсіп, еңбекке араласып,
Жаңа үй салды жақында сол аулаға.
Ерік өзі бүгінде электрик,
Тәжірибелі маманға көп қой жұмыс.
Бірде шетте, бірде елде жұмыс істеп,
Бағып отыр отбасын қылып еңбек.
Президент статусын алып Назым,
"Алтын жолдан" жеп отыр бүгін нанын.
Жанын сала бизнеспен айналысып,
Алға сүйреп келеді командасын.
Дәрігер ұл Ерасыл шет елде жүр,
Той шығынын бүгінгі көтерген сол.
Отбасына үнемі қолдау беріп,
Бар тапқанын түгелдей жіберіп тұр.
Бизнесмен Ернар жігіт спортсмен,
Жаны жайсаң, қолы ашық, жүрегі үлкен.
ММА саласында достары көп,
Ернардан жиі қолдау көріп жүрген.
Екі ұл әкесіне тосын сый ғып,
Жер алып, үй сап берді "кіріңіз!" - деп.
Осындай саналы ұрпақ бергеніне,
Аллаһқа шүкір дейміз бақыт тілеп!
Еркеназ қыз - еркесі осы үйдің,
Биыл ғана қоштасты мектебімен.
ҰБТ-дан ұпай ап әжептеуір,
Грантқа ілінді білімімен.
Осындай жақсылықтар болып жатыр,
Ерік-Назым елуге толып жатыр.
Есеп беріп екеуі ел алдында -
Ақ дастархан мінеки, жайып отыр.
Ал, ағайын, дос-жаран, құда-жегжат,
Той жасауға осы істер себеп болмақ.
Жақсылықтар сылтау ғой, ең бастысы -
Өздеріңмен жүздесу күліп-ойнап!
Тілек айтып, сый беріп, дидарласып,
Ортаға сап өнерді небір ғажап.
Ағайын астан алғын, ән де салғын,
"Той - халық қазынасы" - дейді қазақ.
Бұл тойда бүгін талай сайыстар бар,
Жеңсең де, жеңілсең де сыйлықтар бар.
Ат салысып той қызық өтуі үшін,
Бәріңіз де, қанеки, құр қалмаңдар!
Әрбір үйде жақсылық бола берсін,
Шаңырағыңа құт, бақыт қона берсін.
"Ерік пенен Назымның тойынан" - деп,
Тобықтай сый әр қонақ ала кетсін.
Тойға ұлассын бұл той да арты-артынан,
Жақсылықтар көп болсын ел қуанар.
Ағайын назарыңа көп рақмет -
Сыр шерттік бір отбасы тарихынан!
Гүлмекен Қасенбай
01.08.2025
05:30
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі