Мұз сөгілді әуен төгіп әдемі – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Мұз сөгілді әуен төгіп әдемі» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2428
Мұз сөгілді әуен төгіп әдемі,
Аспан боп-боз, түк үмітсіз қарады.
Сен үшін не, не жазығым бар еді?
Біле алмадым-қандай кінә тағады.
Қиналасың- мені өлтір. Көрмегін.
Қажеті не маған қатал қылықтың.
Жердің аз-маз қуанышын бермедің,
Өлеңім жат, оны тіпті ұмыттың.
Келісемін, келіспеуге бола ма?
Өз парызым-соған ғана адалмын.
Өмірімді саған бердім, молаға
Қасіретімді алып кете салармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері