Жұбайлар жыры – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Жұбайлар жыры» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ерік:
Жиырма жаста кездестім де өзіңмен,
Көз айырмай қарап қалдым көзіңнен.
Бірден сездім "менің жарым осы" - деп,
Алғаш рет ғашықтықты сездім мен!

Қ-сы:
Ерік:
Назгүлім, Назгүлім,
Бақытымсың сен менің!
Назым:
Ерігім, Ерігім,
Сенсің мәңгі серігім!

Назым:
Өзің менің адал жарым ардағым,
Байқамаппын сенен артық жан барын.
Өмір бойы еркелеумен өтейін,
Таңдағаным, азаматым, қорғаным!

10.08.2025


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар