Жүдедім – Құралай Омар

Бұл бетте «Жүдедім» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 835
Жүдедім...
Сағыныш әнін сап жүрегім.
Жаныңа жете алмай, таң алды
Түсімде жолығып жүремін
Үнемі.
Білемін,
Сенде де осы күй, жарығым,
Хаттарың... сезімің мөлдіреп,
Телефон пернесін сүюмен саусағың
Тересің әрібін.
Жаныңның жұпары әр сөзден сезіліп,
Жылынам...
Қиялда кезігіп.
Содан соң сен жайлы тәп-тәтті түс көрем
Көз іліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері