Ағысымен ағып келед сең денем – Құралай Омар

Бұл бетте «Ағысымен ағып келед сең денем» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 857
Ағысымен ағып келед сең денем,
Ойламаймын не болар деп ертеңім.
Сіздің жақта бақыт бар деп сенген ем,
Жеңіліспен аяқталды ертегім.
Сіз жеңдіңіз!
Құттықтағым келеді.
Жарық әлем сізге төксін шуағын.
Елеуішпен өмір бізді еледі,
Жақсы күнге алып кетті уағын.
Қалдым сыртта – жалғыздықтың мекені,
Сорым және мұңым ауыр болғасын.
Түсінер жан табылмады жекені,
Өлең ғана сырласым һәм жолдасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері