Тапқандай боп ем бағымды – Құралай Омар

Бұл бетте «Тапқандай боп ем бағымды» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 797
Тапқандай боп ем бағымды.
Аңсаумен сізді күні-түн.
Жараладыңыз нәп-нәзік менің жанымды,
Көз ілді жылап үмітім.
Тамшылар неге мекендеп алды жанарды?
Өксікке қалдым тұншығып.
Өзіңізсіз тағы да бір күн жаңарды,
Қуантпақ болып күн шығып.
Күрсініп алам,
Қоңыр күз жұтып демімді,
Жүректің нәрі сығылып.
Аппақ армандар күдіктерімнен жеңілді,
Сезімнің туы жығылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері