Жылдар бойы бәлкім сізді іздегем?! – Құралай Омар

Бұл бетте «Жылдар бойы бәлкім сізді іздегем?!» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1576
Жылдар бойы бәлкім сізді іздегем?!
Сезімімді жеткізем деп
Сөз қалмады тізбеген.
Жүз сөзге де сыймайды сағынышым,
“Хат жаз” дейсіз.
Қалай және не жазамын сізге мен?
Тағы, тағы жанарыма қонақтады шық арсыз,
Жылы сөзге мен сияқты сіз де зәру шығарсыз.
Жүрегімнің тілінде ғой айтпағым,
Үнсіз қалсам, ұғарсыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері