Махаббатта көз болмайды – Құралай Омар

Бұл бетте «Махаббатта көз болмайды» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1295
“Махаббатта көз болмайды” деп едi.
Жаным жылып, жадырадым... Ызғарсыз.
Ойламауым мүмкiн емес, себебi,
Жүрегiмнiң лүпiлiнде сiз барсыз.
Сағынамыз... Асығамыз жетуге...
Жанарымда мөп-мөлдiр боп тұндыңыз.
Күндер күлiп, сәттер сырғып өтуде,
Содан берi бақыттымыз... мұңдымыз.
Тағдырыма ойда жоқта тап болып,
Орадыңыз бiр өзiңiз санамды.
Жеткiзе алмай сезiмiмдi жақ толып,
Тек өртенiп, жанам-ды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері