Мерей – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Мерей» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 6
  • 26989
Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп,
Мен де шыңға шығамын!

Көзімізде от жайнап,
Бойымызда жас қайрат.
Алға басып келеміз,
Қолымызда – көк байрақ.

Төбемізде – арай күн,
Рухымызда бар айбын.
Санамызға сіңірдік
Дана сөзін Абайдың.

Қатар жүріп келеміз,
Болашаққа сенеміз.
Бірге өсіп сенеміз,
Әлі-ақ жеміс береміз!


Пікірлер (6)

Балауса

Керемет

Әбдіманап Еркеқыз 10 жас

Өлең жолдары маған керемет әсер қалдырды.

Нұрсауле

????рахмет ????

Нұрсауле

Рахмет ????????♥

Сезім

Норм

Сезім

8ішік ішіп піштім

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері