Менің хатым ерке желмен жарысқан – Құралай Омар

Бұл бетте «Менің хатым ерке желмен жарысқан» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 938
Менің хатым ерке желмен жарысқан,
Сенің хатың жетті маған ғарыштан.
Кеудемдегі күрсіністен арылдым,
Жүрегіңнің әнін естіп алыстан.
Жанарымнан жүрген кезде тайып мұң,
Жолықтың ба жолдауымен ғайыптың?
Үніңді естіп, үмітіме жан бітіп,
Тоң боп қатқан өкісігімнен айықтым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері