Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 705
Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы,
Жүрегімді тепкілейді,
Тырнайды.
Асаулығы сәл аңғырттау болса да,
Өрлігінен, пәктігінен тынбайды.
Жазылам деп, жазылмаған жыр қайғы,
Жер тынысын,
Көк күбірін тыңдайды.
Әр соғуы әрбір жол боп жүрегім
Дүрсіл-дүрсіл қағылады жыр жәйлі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері