Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін
Бұл бетте «Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін
Жүрегім де салқындау, нарау бүгін.
Көре-көре көзімнің нұры тайды,
Адамдардың аңдысқан қараулығын.
Қыс секілді кейде осы жазды күнім,
Сарқар болдым жанымның аз жылуын.
Ести-ести құлақта қақас болды,
Адамдардың ғайбатпен жазғыруын.
Табам таза дүние қайдан аппақ?
Жүре алмадым нәжістен тайғанақтап.
Арғы әлемнің ақ нұрын аңсаймын да,
Кеткім келіп тұрады айдан аттап...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі